Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнесмен болуға ұмтылғандар

c 15:56, 24/07/2019 c 757

0:00 / 0:00

БҚО "Shas projekt" жобасы басталды. Өз кәсібімді ашамын деп құлшынған жастардың ішінен үздіктері таңдалып алынды.Енді олар өздері армандаған кәсіппен шұғылдана алады."Shas projekt" жобасына БҚО бойынша 700 адам ұсыныс беріпті.Бизнесмен болуға әркімнің де бар таласы.Бірақ бағы мен бабы қатар келгендер, жобасы халыққа керек деп таңдап алынған 220 адамға ғана тиісті грант беріліп отыр.Оларға қойылатын басты талап, грантты ұтып алғандар 6 ай бойына көмекке мұқтаж адамдарға, халықтың әлеуемттік әлжуаз топтарына және көп балалы отбасыларға тегін жәрдемдесу керек.Мемлекет кәсіп бастаймын деп отырған жастарға 1 мил теңгеден қайтарымсыз несие беріп отыр. Енді жастар адамдар үшін еңбек етіп үйренуі керек.Бұл өз кезегінде кәсіпті жаңадан бастап жатырған жастарға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсініп өсуге себеп болады деген үміт бар.
Бүгін Орал қаласы бойынша 4 жобаға бастау берілді.Олардың ішінде тәтті тоқаштар мен торттар пісірумен айналысатын кондитер де, адамдарға жылу мен мейірім сыйлайтын дәрігер де бар.Мұндай жобаға дәрігерлердің де сұраныс білдіргені қуантады.Грантты ұтып алған Маулетова Жанна енді өз кәсібін ашып, балаларға массаж жасайтын орталық иесі атануды көздеп отыр.Жанна Маулетова алты ай бойына 40 балаға тегін қызмет көрсетемін деп мақсат қойған.Әсіресе дәрігердің есебіне қойылған әлжуаз балаларға тегін массаж жасауды жоспарлап отыр.
Бүгін бастау алған жобаларды жастар әрі қарай алып кетулері үшін олардың жанында көмекші мамандар болады.Олар жобаға жетекшілік етеді. Жастарды кәсіпкерлікке баулып, есеп - қисап тапсыру жұмыстарына үйретіп, жолға салып жібереді.Ел экономикасына үлес қосатын үлкен кәсіпкерлер осы жастардан шықсын деген тілегіміз бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.