Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнеске қолдау бар

c 17:06, 19/03/2020 c 771

0:00 / 0:00

Елімізде тараған короновирусқа қатысты бизнес обектілері өз жұмыстарын тоқтатқан болатын. Осыған байланысты бизнесмендер банкротқа ұшырайтын болдық деп дабыл қағып жатыр. Бірақ елде болып жатқан төтенже жағдайға байланысты мемлекет бизнесмендерді қолдайтын болды. Ол үшін бизнесмендер Атамекен кәсіпкерлер палатасына барып, сыртқы сауда бөліміне өтініш қалдырулары керек. Қазірдің өзінде БҚО бойынша атамекен кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалына 10-нан астам өтініш келіп түскен.
Еліміздегі төтенже жағдайға байланысты кәсіпкерлік объектілері өз жұмысын тоқтатып тастады. Адам көп шоғырланатын жерлердің бәрі жабылды. Бұл әрине бизнесмендерді табыстан қағып отыр. Елімізде мемлекеттік тапсырыстар аясында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер көп. Олардың бірі ауруханалар мен мектептерге, балабақшаларға тамақ тасиды, екіншісі жолаушылар тасымалымен айналысады. Бұдан бөлек мейрамхана, ойын сауық орталықтары, кинотерлардың бәрінің жұмысы тоқтап тұр. Тіпті адамдарды бір қаладан екінші қалаға тасымалдап жүрген көліктердің де жолы кесілген. Атап айтсақ, қазір Орал қаласына Самар, Саратов, Орынбор, Тольяттиге қатынайтын автобустардың жұмысы тоқтатылған. Қазір автовокзал басшылығы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына арнайы өтініштерін дайындап жатқандығын айтты.
Қазір елдегі жағдайға байланысты кәсіпкерлер өз міндеттерін атқара алмай отыр. Сондықтан да оларға уақытылы қолдау көрсетіледі. Бүгінде кәсіпкерлер палатасына бизнесмендер келіп, өз өтініштерін қалдырып жатырған көрінеді. Бұл арыз - шағымдар 5 күн ішінде қаралады.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты өз міндеттерін атқара алмай отырған бизнес объектілері арнайы өтінішті кәсіпкерлер палатасына қалдыруы керек. Оларға арнайы анықтама беріледі. Бұл анықтаманы алған кәсіпкерлер қандай да бір міндеттерін атқармағаны үшін жауапқа тартылмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.