Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БИЗНЕС САЛЫҚТЫ КӨТЕРУГЕ ҚАРСЫ»

c 14:55, 13/11/2023 c 55

0:00 / 0:00

Отандық шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты салық саясаты жетілдірілмеген дейді сенаторлар. Өздеріңізге мәлім, үкімет Салық кодексіне өзгеріс енгізіп, салық салмағын күшейтіп жатыр. Соның ішінде қосылған құн салығын 12%-тен 16%-ке дейін көтеру мәселесі кәсіпкерлер арасында келіспеушілік тудырып отыр. Бизнестің бұл өзгеріске қатысты шағымы көп дейді депутат Рысбекова.

ЛӘЗЗАТ РЫСБЕКОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Қазіргі таңда бизнес қауымдастығының салықты көтеруге қатысты шағымы көп.Ең алдымен, бұл қосылған құн салығына қатысты болып отыр. Дәлірек айтқанда, қосылған құн салығы ставкасын 12-ден 16%-ке дейін көтеру туралы ұсыныс көңілден шықпай отыр. Қосылған құн салығын көтеру мәселесін егжей-тегжей пысықтап, отандық кәсіпкерлермен талқылау қажет деп санаймыз"

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үкімет ең алдымен бизнеске салық жүктемесін өсірмейтін, ауыртпалық алып келмейтін баламалы нұсқаларды қарастыруы қажет деп санайды сенаторлар. Бұған қоса, қосылған құн салығын қайтару, жұмыс берушілерге салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша жоғары жүктеменің сақталуы сияқты проблемаларды шешу керек. Ал ү шенеуніктер Салық кодексі аясында 2025 жылдан бастап қосылған құн салығын 16%-ке дейін көтере отырып, бюджетке қосымша 2-2,4 трлн теңге түсім түседі деген болдамын алға тартады. Бірақ "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы бұл бастамаға қарсы. Бизнесмендердің пікірінше, салық ставкасы өссе тауарлар мен қызметтер қымбаттайды, халықтың сатып алу қабілеті мен тұтынушылық сұраныс төмендейді. Еліміздің бас экономисі болса, бизнеске қысым азаяды деп жұбатады.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің пікірінше, қазақстандық орта бизнес тоқырап тұр. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды күшейту қажет.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ "Қазіргі таңда орта бизнес тоқырап тұр . Орта кәсіпорындардың ЖІӨ-ге үлесі 2019 жылғы деңгейде қалған – 6% шамасында. Оның үстіне орта бизнес кәсіпорындарының 30 пайызға жуығы алғашқы жартыжылдықта шығынға ұшырады. Ең алдымен, перспективасы бар және өнімділігі мол секторларды дамытуға көңіл бөлу керек"

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.