Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Бизнес бастау" бағдарламасы басталды

c 16:01, 10/06/2020 c 487

Оныншы маусымнан бастап "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында "Бизнес бастау" оқыту бағдарламасы басталды. Биыл аталмыш оқыту жұмыстары алғаш рет онлайн режимде өтпек. Сала мамандары 2020 жылы 1150 адамды оқытуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренем деген жандар жұмыспен қамту мекемесінен тиісті жолдаманы алып, арнайы сайтқа тіркеледі. Оқу 21 күнге арналған. Мамандар азаматтарды оқытып, оларға бағыт-бағдар береді. Аталмыш бағдарлама 2017 жылы басталған еді. 3 жылдан бері 6000 адам кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген. Қатысушылардың 20 пайызы өз кәсіптерін ашқан. Бұл бағдарламаға жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жандар қатыса алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.