Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Біз біргеміз!

c 16:35, 28/04/2020 c 1115

0:00 / 0:00

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша 3325 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Бұл ретте өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, «Жас отандықтар» және партия өкілдері айрықша белсенділік танытып отыр.Карантинде тарыққан халықты әлеуметтік көмектің жай-жапсары мазалайды. Осы орайда Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры төтенше жағдай аяқталғанша мұқтаж азаматтарға көмек қолын соза бермек. Бірінші транш арқылы Орал қаласының 5440 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алған. Екінші кезеңде 708 млн. теңгеге 18 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілген. Яғни 80 мың адам қаржылай және тамақ өнімдерінің пакеттерімен қамтамасыз етілген. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық және аумақтық филиалдары тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша көмек көрсетуді жалғастыра бермек.«Біз біргеміз!» акциясы аясындағы азық-түлік тасымалдауды «Жас Отан» жастар қанаатының 100-ден аса еріктілері санитарлық нормаларды сақтай отырып жүзеге асыруда.Бүгінде партияға деген сенімділік артқан. Партияның облыстық штабына хабарласатын халықтың қатары екі есеге артыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.