Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Біз біргеміз

c 17:50, 16/04/2020 c 436

0:00 / 0:00

Оралдық кәсіпкерлер COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетуде. Яғни дәрігерлер денсаулығына алаңдаған азаматтар хал-қадірінше оларға құнарлы азық-түлік және жеміс-жидектерді жұмыс орындарына жеткізіп беруде. Осылайша індетпен күндіз түні күресіп, науқастарға медициналық көмектен бөлек, мейірім шуағын төгіп жүрген ақ халаттылардың денсаулығына алаңдаған ағайын көмек беріп, оларға қолдау көрсетуде. Күні бүгін еліміз бойынша жүздеген медицина қызметкері індетпен күресу барысында инфекция жұқтырып өздерінің өмірлеріне де қауіп төнуде. Дәрігерлердің де денсаулығын ойлаған қалалықтар олардың құнаралы тамақтануы маңызды деп есептейді.
Облыстық инфекциялық аурулар ауруханасының қызметкерлеріне ерікті кәсіпкерлер 20 келіден аса жеміс-жидекті барынша сақтық шараларын сақтау арқылы жеткізді. Адам жанына араша, Гипократ антына адал болып жүрген жандар өздеріне бөлінген құрметке ықыласпен жауап қатты. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі кезеңде еңбек етіп жүрген дәрігерлер үшін қаржылай қолдаудың жаңа пакеті берілетінін жеткізген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.