Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биылғы жыл атаулы даталарға толы

c 18:39, 13/01/2020 c 740

0:00 / 0:00

Биылғы жылы күтілетін атаулы мерейтойларды атап өту үшін облыста арнайы жұмыс тобы құрылып, дайындық шаралары басталып кетті. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қазірдің өзінде қарқынды. Биылғы жылдың 1-сәуіріне дейін Отан үшін кеудесін оққа тосқан ҰОС-ның қаһармандарының ескерткіштерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Ал, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына соғыс қимылдарына қатысуға және фашизмді жеңуге үлес қосқан батырларға арналған "Қаһармандық ерлік " монументтері орнатылмақ. Шаһарымыздағы Алмазов көшесіне тұңғыш ұшқыш, батыр қыз Хиуаз Доспанованың есімі берілді. "152 -ші атқыштар бригадасының әскери даңқы жолдары туралы " экспедициясы ұйымдастырылу да жоспар санатында. Аталмыш экспедиция нәтижесінде деректі фильм түсірлмек. Сонымен қатар, биылғы жылы республика бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 300 мың теңге, концлагерде тұтқында болғандарға 100 мың теңге, ал Ленинград блокадасында болғандарға 60 мың теңге, тыл ардагерлеріне 30 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі деп күтілуде. Дара да, дана Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, облыс деңгейінде 861 шара өткізілмек. Олардың 2-уі халықаралық деңгейде,- деп күтілуде. Ауқымы жөнінен ең үлкен және маңыздысы "Абай мен Пушкин" атты халықаралық форумы болып отыр. Жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойының ұйымдастырлуы да өз деңгейінде көрінеді. Атаулы дата аясына құрылған жұмыс тобының құрамында ақын Ақұштап Бақтыгереева, меншікті тілші Қазбек Құттымұратұлы, жұбантанушы Үзілдік Елеубаевалар бар. Ал, Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдық мерейтойының өткізілуіне жергілікті мемлекеттік құрылымдар мен облыс меценттарының көмегі қажет болып тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.