Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша 125 млн. теңге бөлінген

c 17:30, 13/09/2018 c 436

0:00 / 0:00

Бұл қаржыға 9 тұрғын үйде күрделі жөндеу жасап, шатырлары мен жедел сатыларын ауыстыру жоспары бар. Қазіргі кезде бірнеше үйде мердігерлер жұмысты қолға алыпты. Ал тұрғындардың кейбірі бағдарламаның атқарылуы барысындағы олқылықтарға наразы.

Бұл Сергей Тюленин 1/3 мекен-жайындағы тұрғын үй. Биыл жаңғырту бағдарламасы бойынша шатыры алмастырылып, подъезд терезелері жаңаланып жатыр. Алайда мердігерлер жұмыс бастаған уақыт ауа райының қолайсыздығымен тұспа тұс келіп, 5-ші қабат тұрғындары жаңбыр суынан зардап шеккен. Ал жұмыста атқарған компания бұл қолайсыздыққа кінәлары жоғын айтып ақталды. Айтуларынша, олардың жұмысы аяқталған соң барып бағаланып, бірнеше жыл сапасы үшін кепілдік береді. Дегенмен мәселені құзырлы органдар ескерусіз қалдырмайды деген ойдамыз. Ал мынау Мирзоян 12 мекен-жайындағы үй. 4 қабатты 60 пәтерлік үйдің де шатыры жаңғыртылуда. Жыл сайын жауын-шашында төбелерінен су сорғалайтын тұрғындар мемлекеттік бағдарлама талаптарын бірауыздап қолдап, айына қолжетімді соманы бөліп төлеп отыруға келіскен.

Орал қаласында тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша 2011-2015 жылға дейін 94 үйге күрделі жөндеу жасау жоспарланған болатын. Биылғы жылы бұл мақсатқа 125 млн. теңге бөлініп отыр. Қазіргі кезде Гагарин 36 мекен-жайындағы үй толықтай жаңғыртылып, аяқталыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.