Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл Батыс Қазақстанда 31 тұрғын ВИЧ инфекциясын жұқтырған

c 09:20, 21/11/2017 c 795

0:00 / 0:00

Оның оннан астамы жасы 50-ден асқан азаматтар болса, қалған басым көпшілігі орта жастағылар. Ауруды жұқтырғандар қатарында тіпті зейнет жасындағы тұрғындар да бар. Күн санап медицина саласы дамып келеді, десе де АИВ сынды аса қатерлі дертке бүгінде дауа жоқ. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, дүниежүзіндегі әр үшінші адам осы ауруды жұқтырған екен. Біздің облыста да мұндай статистика сонау 96 жылдан жүргізіліп келеді. Мамандардың ұсынған дерегіне үңілсек, өңірімізде ВИЧ инфекциясымен ауыратын адамдар саны - 568ге жетіп отыр.
Биыл облыста адамның иммунитет тапшылығының вирусын 31 тұрғын жұқтырса, оның 16сы Оралдан, 7еуі Зеленовтан, ал Шыңғырлау ауданының 5 тұрғыны, және Ақжайық, Тасқала, Теректі аудандарында бір жағдай тіркеліпті. Науқастардың басым көпшілігі ер азаматтар, бұл вирустың 81 пайызы жыныстық жолмен жұқса, қалған 19 пайызы иньекциялық жолмен, мамандардың айтуынша, есірткі егу кезінде тасымалданған. Абырой болғанда, аурулар қатарында екіқабат әйелдер мен жеткіншектер жоқ. Ал науқастары анықталған азаматтардың көбі ағзадағы вирустың барын кездейсоқ біліпті.
Айта кетелік, бүгінде облыстық наркологиялық орталықта арнайы кабинет ашылып, ол жерде тұрғындарға тегін қан талдауынан өтуге мүмкіндік бар.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.