Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бір аптаға базарлар жабылады

c 17:47, 16/04/2020 c 542

0:00 / 0:00

Сәуірдің 18-інен бастап көтерме саудамен айналысатын азық-түлік базарлары бір аптаға жабылады. Ал шағын азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан қала тұрғындары көшеге жиі шықпау үшін төрт-бес күндік азық қорларын жинақтап алғаны жөн. Кешеден бері азық-түлік сататын сауда нүктелерінің маңы қара құрым халық. Өйткені 18 мен 24-ші сәуір аралығында банктер мен көтерме сауда орындары жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді. Бұл коронавирус жұқпасының аймақта таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған шара. Мәселен, бүгін орталық базар маңында орналасқан көтерме сауда нүктелерінің алдына жиналған қалалықтардың да қарасы қалың. Олардың айтуынша, бірқатар күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасында қымбатшылық байқалады. Тіпті қандай өнімдер екенін де айтып берді.
Сала мамандарының айтуынша, банкке, не базарға барамын деген желеумен азаматтардың себепсіз көшеде жүруі көбеюде. Сондықтан осындай қатаң шаралар қабылданып отыр. Шағын дүкендер мен гипермаркет және супермаркеттер жұмысын жалғастыра беретін болады. Осы орайда баға тұрақтылығын сақтау барысында облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мамандары белгіленген сауда нүктелерінде арнайы акциялардың тұрақты жүргізіліп отырғанын жеткізді. Жасыратыны жоқ кей тағам өнімдері өңірде өндірілмейтіндіктен баға тұрақсыздығы туындауда. Ал қандай тағам түрлері екенін алдағы уақытта «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының мамандары мәлімет береміз деп уәде берді. Ақпарат күтіңіздер. "Ал бір аптаға бола тонналап тағам сатып алудың қажеті жоқ",- дейді сала мамандары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.