Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

c 17:21, 06/01/2020 c 377

Оралда жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Асылай Ғұбашеваның айтуынша  «Газель» автокөлігінің жүргізушісі С.Штыб көшесімен қиылыста рульге ие бола алмай, тоқтап тұрған қар тазартатын трактормен соқтығысқан. Соның салдарынан «Газель» автокөлігінде отырған  қала тұрғыны қаза тапты. Үш жасар бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілуде, - деді Асылай Ғұбашева.   Облыстық денсаулық сақтау басқармасының  мамандарының мәлімдеуінше жол апатынан үш адам зардап шеккен.  Жабық бас-ми және басқа жарақат алып, миы шайқалған 38 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған үш жасар бала мен 40 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізіліпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.