Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп директорлары әрбір 4 жыл сайын тағайындалатын болады

c 17:18, 31/08/2018 c 738

0:00 / 0:00

Мектеп директорлары әрбір 4 жыл сайын тағайындалатын болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сондай-ақ, жиын барысында жаңадан ІТ- сыныптардың ашылуы мен мұғалімдер жалақысының өсуі туралы өзгерістер жайлы да сөз болды.

Облысымыздың бас педагогы биылғы оқу жылында білім беру процесінде бірқатар жаңашылдықтар орын алатындығын жеткізді. Аталмыш өзгерістер берілетін білімнің сапасын арттырмақ. Қазіргі таңда 200-ге жуық ұстаз ағылшын тілі бойынша арнайы сертификатқа ие болыпты. 100 мектептің қабырғасында биылғы оқу жылынан бастап, математика -жаратылыстану пәндері шетел тілінде оқытылатын болады. "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының аясында, ІТ-лицейде өз жұмысын бастайды. Мектептерде ІТ-сыныптар бүлдіршіндердің білімін жетілдірмек.

Мектептерде ғаламтордың жоқтығы білім беру саласында заманауи өзгерістерді сабақ процесіне енгізу үшін кейбір қиындықтар тудырып келген. Аталмыш мәселені шешу үшін арнайы жаңа құрылғылар сатып алыныпты. Бүгінгі таңда, жаңа оқулықтар барлық дерлік аудандарға жеткізілген. Алайда, оқулық тасымалдау ісінде Қаратөбе мен Теректі аудандары кешеуілдеп отыр. Биылғы оқу жылында тарих, әдебиет пен музыка пәндері бойынша қосымша пән енгізіледі. Биылғы жылы мектеп педагогтары аттестациядан сәтті өткен. Енді олардың жалақысы 30 пайызға арттады. Ал, мектеп директорлары тек 4 жылға ғана тағайындалатын болды.

1-ші және 4-ші сынып оқушыларының баршасы тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Алайда, жыл сайын әрбір балаға деп бөлінетін қаражаттың мөлшері 150 теңгеден аспайды. Білім беру басқармасының мамандары ыстық тамақтың бағасын арттыру үшін бұл сауалды жіті зерттейтіндіктерін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.