Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бес мектеп құрылысы басталады

c 17:36, 22/05/2019 c 2080

0:00 / 0:00

Биыл облыс бойынша 5 білім ошағы бой көтереді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент сенатының депутаттарына облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев мәлімдеді. Мәселен салынғанына 100 жылға жақын уақыт болған Ет комбинаты ауданындағы №33 жббом-нің орнынан 300 орындық су жаңа мектеп қайта салынбақ. 2018-2019 оқу жылының басында облыста 5 апаттық жағдайдағы мектеп жұмыс жасады. Олар – Орал қаласы бойынша  №31, 33 орта мектептер, Ақжайық ауданы Абай атындағы гимназиясы және М.Өтемісов атындағы орта мектеп,  Қазталов ауданы А. Оразбаева атындағы орта мектеп. Мектептердің апаттылығын жою мақсатында 2 мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.  Яғни биыл Қазталов ауданы Қазталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы орта мектеп, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталады. Бұл жұмыстарға  5,3 млрд. теңге қарастырылған. 2018-2019 оқу жылының басында 5 үш ауысымды мектеп анықталса, 2018 жылдың 4 тоқсанында Зашаған кенті Сарытау шағынауданында 900 орындық №50 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымды мектептер саны 1 бірлікке азайған. Қазіргі таңда, Орал қаласының аумағында орналасқан 4 мектеп үш ауысымда жұмыс жасауда. Ал №33 ЖББОМ білім алушылары қазіргі уақытта осы аудандағы 2-ші мектепте уақытша оқуларын жалғастыруда. Биыл  Орал қаласы Зашаған кентінде №51, ал келер жылы №52 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Осылайша, үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу жұмыстары өңірде түбегейлі шешілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.