Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бензин тағы да қымбаттады

c 17:25, 06/04/2021 c 522

0:00 / 0:00

АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі 170, ал АИ-95 маркалы жанармай бағасы 190 теңгеге дейін қымбаттады. Жанармай бекеттерінде көлік қарасы көп емес. Мұны темір тұлпар тізгіндегендер сұйық отынның тапшылығымен байланыстырады. Тіпті кейбір жанармай құю бекеттері 10 литрден артық сатпай отыр. Бірқатар жанармай бекеттері литрін 170 тегеден бағаласа, енді біреулері жанармайды тек талонмен ғана құяды.Бағаны нарық реттейтін болған соң ірі жеткізуші операторлар да жанармай құнын сатып алу бағасына сай өзгертіп отыр. Аймақта 131 жанармай құю бекеті бар. Қажетті жанармай көршілес Атырау мен Ресейден жеткізіледі. Мұнай өңдейтін өз зауыты бар оралдық кәсіпорын да шикізат тапшылығын сылтау етіп, бағаны өсіреміз дейді. Осы орайда шенеуніктер ақпан айында жөндеуге жабылған атыраулық зауыттағы жұмыстар аяқталған соң бұл мәселе шешіледі деп сендіреді. Аталмыш мәселеге байлысты өңірдегі ірі жанармай жеткізуші компаниялар қазір бензинді Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан сатып ала бастаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.