Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙДЫ

c 21:08, 03/04/2023 c 117

0:00 / 0:00

Қазақстанда бензин мен дизель қымбаттайды. АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге өсті. Баға өңірге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни өсім – 11% болады дейді Энергеткиа министрі Болат Ақшолақов. Министрдің айтуынша, осы мәселеге қатысты бұйрықтың жобасы бүгін жарияланады. Бұйрық 12 сәуірде күшіне енеді. Яғни сол күннен бастап Қазақстанда бензинь мен дизель қымбаттайды.

Елде бензин мен дизель отыны тағы да қымбаттайды. Бензиннің литрі 11 пайызға, дизельдің литріне баға 20 пайызға шарықтайды. Бас энергетиктің айтуынша, осы мәселеге қатысты бұйрықтың жобасы бүгін жарияланады. Бұйрық 12 сәуірде күшіне енеді. Яғни Қазақстанда 12 сәуірден бастап бензинь мен дизель қымбаттайды. Министр Ақшолақов жанар-жағар май бағасын қымбаттата отырып, тапшылықты жоямыз дейді. Ақшолақовқа сенсек, ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылығын төмендету қажет. Қиын шешім болса да, осыған баруға мәжбүрміз дейді ол.

Әдетте егіс науқанында дизель отының тапшы болуы дәстүрге айналған. Ендігі оңтүстік өңірлер оны сезініп жатыр. Министр де Қазақстанда биыл дизель тапшылығы болуы мүмкін дейді.Энергетика министрінің айтуынша, көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, Қазақстан дизель өндіру көлемін арттырса да, күз айларында оның тапшылығын қайта көрді. Онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін, - дейді Ақшолақов.

Бас энергетиктің айтуынша, алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ. Осы себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Осылайша мұнайдың үстінде отырған ел, мұнай өнімдерінен тапшылық көріп, бағасын қымбаттаттуға мәжбүр. Елдегі үш мұнай өңдеу зауытының қуаты жетпей жатқанда, қашан төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады? Бұл сұрақ соңғы он жылда айтылып келе жатқан мәселе.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.