Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бейбіт митинг өтті

c 17:37, 01/03/2021 c 350

0:00 / 0:00

Орал қаласында бейбіт мақсаттағы митинг өтті. Еліміздің түпкір-түпкірінде осындай шеруге рұқсат сұраған наразы топтардардың талап-тілектері Оралда ғана қанағаттандырылды. Мәншүк Мәметова алаңында өткен шеруге шамамен 100- ден аса облыс тұрғыны қатысты.Митингте жиналған тұрғындар мен қоғамдық ұйым өкілдері еліміздегі саяси бастамаларда биліктің халықпен санасуын талап етіп қана қоймай, мәселелердің оң шешілуі үшін өздерінің ұсыныстары мен талаптарын ашық жариялады. Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым Жомарт Тоқаев ұлттық кеңесте бейбіт шерулерге рұқсат етілгенін мәлімдеген болатын.
Айта кеткен жөн, бейбіт мақсаттағы шеру осыдан 7 жыл бұрын өткен болатын. Аталмыш акция заңды түрде ұйымдастырылғандықтан тәртіп сақшылары тек алыстан ғана бақылауға алып, шараның соңы келеңсіздікке ұласпауын қадағалады. Бұл жерде өңір үшін де маңызды мәселелер қозғалды. Мәселен, Орал-Атырау тас жолының бойында жол апаттарының көбеюіне байланысты темір жолы байланысын орнату қажеттігі баса айтылды. Бейбіт мақсаттағы митинг шамамен 3 сағатқа созылды. Наразы топтың сауалдарына сала мамандары жауап қатты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.