Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы мен 55/17 әскери бөліміне фашистерді өз Отанынан тықсыру жолында жан кешті ерлік көрсеткен 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы жалауының көшірмесі табысталды

c 00:00, 23/02/2015 c 750

0:00 / 0:00

Ақтөбе қаласынан жеткен әскери жәдігер енді Атырауға жол тартпақ. Ұлы отан соғысының ардагерлері осынау салтанатты шараның қадірменді қонағы болды. "Біз жеңістің мұрагерлеріміз!" Осындай атаумен 3 ақпанан 5 мамыр аралығында ҚР-ның Ұлттық гвардиясында әскери-потриоттық эстафета өтіп жатыр. Бұл эстафета шеңберінде 1941 жылы 15 желтоқсанда Ақмола қаласында құрылған 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы туының дәлме дәл көшірмесі аймақ-аймақтағы әскери бөлімдерге табысталуы тиіс. Ал 9 мамыр жеңіс күнінде қызыл ту Астана қаласына жетуі тиіс. Әскери-потриоттық шараға сұм соғыстың куәгері болған ардагерлер,студенттер, жас сарбаздар мен әскери бөлімнің қызметкерлері және атқарушы билік өкілдері қатысты. Тағылымы мол шараға қатысқан оқушылар ата-баба ерлігін мәңгі есте сақтайтындарын, ардагерлермен болған кездесуден мол тағылым алатындарын атап өтті. Ақтөбеден Жайық өңіріне жеткен әскери жәдігер енді Атырау қаласына жол тартады. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.