Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батырдың ерлігі

c 15:23, 30/04/2020 c 560

0:00 / 0:00

Адамзат тарихындағы қанды қырғынның аяқталғанына биыл 75 жыл. Сұм соғыста ерлік пен қайсар рухтың үлгісі болған батырлардың тағылымды ерліктерін дәріптеуді жалғастырамыз. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз: Владимир Алексеевич Иванов. Саратов облысының тумасы 1943 жылы майданға аттанады.

Сұм соғысты бастан кешіп, жеңісті жақындатқан ардагерлердің бірі- Владимир Иванов. Бүгінде 94 жасқа келген кейіпкеріміз 1943 жылы Саратов облысынан қан майданға аттанады. 17 жастағы бозбала бірден қысқа мерзімді даярлықтан өтіп, Кеңес Одағының Қиыр шығысын қорғау үшін қолына қару алып, 7 жыл бойы әскерде қызмет жасайды.

Ардагер Ұлы Жеңісті Қиыр Шығыстағы Хабаровск қаласының маңында орналасқан Галенки ауылында қарсылапты. Владимир Алексейевичтың ата-анасы 1946 жылы Оралға қоныс аударады. Жауынгер әскердегі қызметін аяқтағаннан кейін, осы шаһарға табан тірейді. Ардагер соғыстан кейін Локоматив Депосына жұмысқа кіріп, 38 жыл бойы машинист болып қызмет жасайды.

Қан майданнан кейін, ардагер зайыбымен отау құрып, 66 жыл бірге өмір сүрген. Ерлі-зайыптылар 2 бала мен үш немере тәрбиелепті. Бүгінде 1 ғасырға жуық өмір сүріп, сұм соғыста ерлік пен қайсар рухтың арқасында мыңмен алысып, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған батыр өскелең ұрпақ білім алып, елдің дамуы үшін еңбектенсе деген өсиетін айтады. Кейіпкеріміз секілді мыңдаған батыр жауынгердің ерлігінің арқасында соғысты фильмнен көріп, кітаптан оқыған ұрпақ бейбіт күнде өмір сүріп, батырлар ерлігін үлгі-өнеге тұтады!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.