Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батыр Михаил Абдоловтың туғанына 100 жыл

c 16:14, 30/05/2018 c 977

Кеңес Одағының батыры, Ұлы Отан соғысының жаужүрек жауынгері жерлесіміз Бимағамбет-Михайл Абдоловтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Сұрапыл соғыс басталғаннан майдан даласына атанып, алдынғы шепте барлаушы болып қызмет атқарып, ерен ерлік көрсеткен батырдың асқан ерлігі ескеріліп 1945 жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Үстіміздегі жылы өзі туған өңіріміздің Ақжайық ауданында биыл батырдың 100 жылдығына орай "Абдолов жылы" болып жарияланып, майдангер мерейтойын тойлау жыл басынан басталып та кеткен. Кеше Ақжайық ауданның өнерпаздары шаһарымыздағы батыр атында көшеде арнайы патриоттық концерттік шара ұйымдастырып, батыр ерлігін тағы бір еске алды. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

0:00 / 0:00

Аймағымыздың Ақжайық ауданына қарасты Бітік ауылының тумасы, біртуар батыр, жаужүрек жауынгер Бимағамбет-Михайл Абдолов Отан соғысы басталған 1941 жылдан майдан даласына шақырылып, 3-украйн майданының 74-ші атқыштар дивизиясының сапында болады. Сұрапыл соғыста өлім мен өмірдің өткелінде жүретін барлаушы болған қайтпас-қайсар қазақ баласы, жау қолынан жеті рет жараланса да өзіне тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз атқарады. Майданнан ауылына аман оралған өжет жауынгердің өмірінің соңғы жылдарында айтқан өсиеті мен естеліктерін өз аузынан естіген Меңсұлу медбикесі, батырдың біз білмейтін бірқатар ерліктерімен бөлісті.

Жауды жеңіп, соғыстан сау қайтқан қаһарман батыр мен кеңес одағының батырымын деп ешкімге мақтанбай, қол қусырып жатпаған. Елдегі адамдармен бірге еңбектің әр саласына араласып, соғыстан соңғы титықтаған елдің еңсесін тіктеуіне белсене атсалысты. Бертін келе заман түзеліп, ел дамығанда ардагерлер облыс орталығынан бір-бір пәтер алып, қалаға қоныс аударғанда да ол туған жерінен табан аудармай өзінің кіндік қаны тамған, ата-бабасы жатқан бүгінгі Бұлан ауылында тұрақтап қалды. Мәңгілік мекені де сол жерден бұйырып, батыр өз туған топырағында дамылдады.
Яғни, тумысынан қайтпас-қайсар да бірбеткей батырды бейбіт күнде де ешкім алған бағытынан айныта алмаған.

Өзінің көзінің тірісінде венгрияны жаудан азат етудегі асқан ерлігі ескеріліп аталған елде Абдоловтың мүсіні орнатылып, мәдениет үйі мен мектепке батыр аты берілген. Ал өз туған жері жамбыл ауылында да мектеп аты беріліп, бюсті бой көтеріп, ақжайық ауданы мен облыс орталықтарында бір көше батыр атымен аталады.

Биыл Туғанына 100 жыл толуына орай, батыр Бимағанбет Абдолов мерейтойы аудан деңгейінде, өңір көлемінде кеңінен тойланбақ.

Азан шақырылып қойылған Бимағамбет атының қысқартылған Биеші деген атына соғыста майдандастарының тілдері келмей Миша, кейіннен Михайл аталып кеткен діні мықты, сүйегі асыл, нағыз қаһарман қазақ батыры 2006 жылы өзі зор үлес қосқан жеңіс мерекесінің 61 жылдығында 88 жасында дүние салды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.