Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батуттартағы қауіпсіздік қадағалануда

c 16:22, 29/05/2019 c 823

0:00 / 0:00

Қарағандыдағы қайғылы оқиғадан соң, елімізде батутты бизнеске айналдырғандармен жұмыстар қайта күшейе бастады. Төтеншеліктер шаһардағы осы кәсіпті нәсіпке айналдырғандарға қауіпсіздік ережелерін жүйелі түрде жүргізіп келеді.  Мәселен, ескерту хаттары осы кезге дейін  бизнесмендерге жіберілген.  Соған қарамастан бұл жолы мамандар балалар көп жиналған аумақтарға арнайы барып кәсіпкерлермен  тұрғындарға тағы да қауіптің алдын-алу қажеттігін ескерттіКүн жылыса болды, адам көп жүретін жерлер мен саябақтарға мынадай батуттар қаптап кетеді. Бірақ арагідік жүргізілетін рейдтен бөлек, олардың жұмысын қадағалап жатқан ешкім жоқ. Жаман айтпай жақсы жоқ,  күн райы күрт бұзыласа бұлардың да аударылып  сау адамды жазым етпесіне кім кепіл?  Осы кәсіппен  Оралда 12 адам шұғылданатын болса, жеке меншік аумақтарда 5 адам батут арқылы ақша тауып отыр. Қауіпсіздік өкілдері қалалық саябақтағы кәсіпкерлерге түсіндірме  шаралары барысында бас пайдасын ойлап,  балалардың өмірін қауіпке тікпеу  керек екенін ескертті. Ең бастысы жұмысқа кіріспес бұрын үрмелі ойын алаңының жағдайын тексеру қажет. Негізінен жол бойында және электр сымдарының астына батут қоюға болмайды. Әрі олар күн сайын жуылуы тиіс әрі қолдану мерзімі 2 жылдан аспауы керек. Сондай-ақ, жылдамдығы секундына 10 метрден асатын жел тұрса, батуттар дереу жұмысын тоқтатқан жөн.  Үрмелі батуттар негізінен адам көп жиналатын орындарға қойылады. Мәселен, орталық «қалалық мәдениет және демалыс саябағына» күніне шамамен 1500-нан аса тұрғын келіп тынығады. Олардың тең жартысы балалар. Ал саябақ  директоры Бек Жәңгір мұнда өздеріне тиесілі  балаларға арналған екі атракционның бар екенін және қоса құрылғының техникалық жағдайы жұмыс уақыты басталмас бұрын тексеріледі дейді. Саябақтағы кәсіпкерлер болса балалар ойын алаңына жіберілмес бұрын, ата-анасы мен ойын баласына  техникалық қауіпсіздік түсіндіріліп,  кейін қолдары қойғызылатынын айтады. Қарағандыдағы сұмдық оқиғадан соң  қаладағы ойын алаңқайларында тексеріс жүргізіліп жатыр. Сала мамандары нәтижені жуық арада хабарлаймыз дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.