Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батпақты өлкенің тұрғындары

c 17:24, 11/03/2020 c 854

0:00 / 0:00

Орал қаласы Сарырақа ауданының тұрғындары балаларымызды мектепке жібермейміз деп шу шығарды. Ашынған халық тіпті қажет болса наразылық шеруіне шығамыз дегенді де айтты. Халықтың осынша ашынуына аудандағы ми батпақ себеп болып отыр. Аяқтары балшыққа малтығып, бала-шағасы мектепке жете алмай батпақтап жатырған халық қала билігін ұстап отырғандар осы батпақты көрсін, келсін ортамызға деп талап етті. Абырой болғанда жиналған халықпен кездесуге барған арна тілшілері арыз - шағымдарыңызды билікке жеткіземіз, сабыр сақтаңыздар деп басу айтып қайтты.
Орал қаласы Сарырақа ауданының тұрғындары аяқтарынан саз кешіп, балшыққа малтығып жүр. Үлкендері әупірімдеп саз балшықтан аман шығып жететін жеріне жетіп жүр, ал әлсіз бала -шаға діттеген жеріне жете алмай талай ми батпаққа омақаса құлапты. Мектепке баруы керек бала үстері малмандай су болып үйлеріне қайтқан кездері болыпты. Әбден ашынған халық балаларымызды мектепке жібермейміз деп шорт кесті. Арқаларына добалдай сөмке асынған балалар аяқтарын балшықтан ала алмайды, егер осылай жалғасса, баламызды мектепке жібермейміз деп шулады.
Халық әбден ашынған. Тіпті ашынғандары сондай бұл жағдай қашанға дейін созылады деп бізді жағамыздан алды. Біз өзіміздің тек журналист екенімізді ғана айтып, билікке базыналарыңызды жеткіземіз деп азар құтылдық. Ашынбағанда қайтсін?! Ай сайын бәленбай мыңдап табыс салығын , көлік салығын, жер салығын төлеп отырмыз, ақшаның бәрі қайда кетіп жатыр деп сілкінді жиналғандар.
БАҚ өкілдері бұл мәселені бірінші рет айтып отырған жоқ, мезгіл сайын айналып соғатын тақырыптын бірі осы. Көктем мен күздегі батпақ, балшыққа малынған бала -шағаның жыры. Біз де айтуға шаршамаймыз, билікте әні- міне жасаймыз, әне кеті, міне кетті деп уәде беруден жаңылмайды.. Сарыарқа ауданына қарасты да осыған ұқсас жауап естідік.
Сарыарқа ауданы бойынша 50 көше бар. Соның алтауы әлеуметтік маңызды көше саналады. Яғни мектеп бар, автобус жүретін көше дегендей. Бірінші кезеңде осы көшелерге жол салу жоспарланып қойған. Ал ол жоспардың қашан жүзеге асарын ешкім дөп басып айта алмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.