Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Бастау бизнес" және "Жас кәсіпкер" бағдарламалары кәсіпкерлер палатасының бақылауында

c 18:07, 14/11/2019 c 1055

0:00 / 0:00

"Бастау бизнес" бағдарламасын жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық фактілері Түркістан және Алматы облыстарында анықталды. Мұндай ақпар бүгін БҚО кәсіпкерлер палатасында мәлім болды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жемқорлық әрекеттері БҚО айналып өткенімен, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы бағдарлама аясына жұмылдырылған жаттықтырушылар мен үйлестірушілердің жұмысын үнемі бақылауда ұстауды күн тәртібінен түсірмек емес. Аталмыш бағдарламаның мүмкіндігін 2017 жылы 938 адам пайдаланып, оның 135 тұрғыны 434 млн. теңге сомасына өз кәсіптерін дөңгелеткен екен. Ал, өткен жылы 2000 -ға жуық адам бағдарламаға ниет танытып, оның 751-і 2 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Биылғы жылы да 1373 жас кәсіпкерге грант беру жоспар санатында. 2019 жылдың бел ортасында "Жас кәсіпкер"жаңа жобасы іске қосылды. Бүгінгі таңда, осы бағдарлама аясында 1000-ға жуық адам оқудан өткенімен, оның тек тең жартысына ғана грант берілмек. Қазіргі таңда жастар арасында "Бастау бизнес" және "Жас кәсіпкер" жобалары кең сұранысқа ие. "Бастау бизнес" жобасының түлектеріне жалпы сомасы 257 млн. теңгеге 560-қа жуық грант берілді. Ал, "Жас кәсіпкер" бағдарламасының түлектері үшін құны 252 млн.теңге болатын 500 грант қарастырылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.