Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана қашан арзандайды?

c 09:55, 15/04/2021 c 267

0:00 / 0:00

Қазақстанда 559 мың адам баспанаға кезекте тұр. Бір миллион қазақстандық жердің кезегіне тіркелген. Үкімет баспанамен қамтудың әрқилы бағдарламасын да қабылдап жатыр. Жеңілдетілген несиемен берілетін бағдарламалар да бар. Алайда, баспана арман болған қазақстандықтар саны жыл сайын артуда. Ал өз күшіне сеніп, үйлі болғысы келетіндерге бағасы шарықтаған үйдің құны мен пайызы тым көп несие кедергі болып отыр. Ал биыл елде баспана тағы да қымбаттады. Оған сыртқы фактор себеп болып отыр дейді банк өкілдері мен индустрия министрлігінің басшылығы.

Индустрия вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй бағасы  тұрақтанады дейді. Алайда, баспана құны арзандайды деп айта алмады. Бастапқы нарықтағы тұрғын үй құны осы жылдың қаңтарында 3 пайызға, екінші нарықтағы баспана 17 пайызға қымбаттады. Бұған азаматтардың зейнетақы қорындағы жарнасын алуы да себеп болды. Оған қоса, құрылыс материалдары да қымбаттады дейді вице-министр.

Шенеунік алдағы айларда баспана бағасының қымбататуы тоқтауы мүмкін дегенімен, арзандауы екіталай. Себебі,тұрғын үй құнының өсуіне сыртқы факторлар әсер етуде.Әлемдік нарықта ағаштың бағасы 2 есеге қымбаттаса, шайыр, мыс, болаттың бағасы да еселеп шарықтаған.  Отбасы банкінің төрайымы Ләззат Ибрагимова жалғыз Қазақстанда ғана емес, Түркия,  Германия, Ресей және Канада елдерінде де баспана айтарлықтай қымбатқа сатылып жатыр. Мамыр мен маусым айларында  нарықтағы баға тұрақталады дейді. Бұл орайда  үйдің бағасы арзандайды деген мәлімет тағы да айтылмады. Бір жаңалық-ауылға барып қызмет етемін дейтін мамандарға үй салып беру тетігі енгізіліп отыр.  Ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын мемлекет субсидиялайтын болады.

Осылайша, дипломмен ауылға барам дейтін жас мамандар үшін бұл қуанышты хабар. Ауылдағы жұмыс беруші салатын үйдің ауданы 100 шаршы метрден, ал бағасы 10 миллион теңгеден аспауы қажет. Еңбек шарты 5 жылға рәсімделуі шарт. Осы уақыттың ішінде ауылға барған маман үйдің 50 процентін өтеп, оны өз атына аудара алады.Ендігі республика бойынша 76 ауданның әкімдігі министрлікке ұсыныс жіберіпті. Әзірше, 3 мыңға жуық коттедж салу қажет. Оған республикалық бюджеттен 14,3 миллиард теңге бөлу керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.