Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСПАНА - БАСТЫ МӘСЕЛЕ

c 09:15, 06/04/2022 c 444

0:00 / 0:00

Тек елордадағы баспананың құнына тоқталсақ, өткен жылы 35 миллион теңгені құраған төрт бөлмелі пәтеріңіз қазір 50 миллионның үстінде. Сол жағалаудағы элиталы тұрғын үйлерде пәтердің шаршы метрі 650 мың теңгеден басталады. Баспана бағасы басқа өңірлерде де өсіп жатыр. Бұған дейін тұрғын үйдің бағасы тұрақталады деген құзырлы орган өкілдерінің болжамы негізсіз болып шықты. Доллар шарықтап, азаматтар зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін шешіп алып жатқаннан бері үйдің құны қымбаттады. «Крыша» порталының мәліметі бойынша қазір жаңа үйдің бағасы шаршы метрі үшін 241 мың теңгеден басталып, 752 мың теңгеге дейін барады. Ал қайталама нарықта үйдің бағасы – 224-614 мың теңге дейді Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев. Дей тұра министр сәуір айында баға қалпына келеді деп болжайды.

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ – ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ «Коммерциялық нарықта үйдің бағасы төмендеуі мүмкін. Себебі 1 сәуірден кейін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану күрт азайды.Иә, зейнетақы қорының ақшасы тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Содан баға да көтеріле бастады. Биыл 9 наурыз бен 2 сәуір аралығында, шамамен 52 мың келісімшарт жасалды. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштен жоғары. Дегенмен 1 сәуірден кейін баға қалпына келе бастайды деп ойлаймын. Себебі бұрынғыдай сұраныс болмайды"

Сондай-ақ, министр доллар бағасы құбылып тұрғанда адамдар ақшасын жылжымайтын мүлікке салуға тырысады. Бұл да тұрғын үйге деген сұраныстың көтерілуіне әкеп соғады дейді. Өкінішке орай қазақстандықтардың бәрі бірдей қолма –қол ақшаға баспана сатып алатын жағдайда емес. Үйлі болудың жалғыз жолы- ипотекалық несие алып, оны 15-20 жылдап өтеу. Алайда, пайыздық үстемақысы аспандап тұрған ипотекаға қол жеткізу де арман. Азаматтар тапқан табысын жалдамалы пәтерге бергенше, ипотека төлеп тұрғанымыз жөн деп санайды. Ең арзан ипотеканы «Бақытты отбасы» арқылы алуға болады. Бұл бағдарлама көпбалалы, толық емес отбасыларына, мүгедек бала трәбиелеп отырғандарға ғана беріледі. Олар Отбасы банк арқылы 2 пайыздық жеңілдетілген несие ала алады. Бастапқы жарна баспана құнының 10 пайызын құрайды, несиені 19 жыл бойы өтейтін болады. Өкінішке орай, мемлекет қазақстандықтардың бәріне бірдей жеңілдетілген несие беру мәселесін шеше алмай отыр.

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ – ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ «Тұрғын үй» қатынастары туралы заң жобасы Мәжілісте жатыр.Қазір 590 мың адам үй кезегінде тұр. Біз солардың мәселесін шешуіміз керек. Осы заң қабылданса, Отбасы банкі алғашқы баспана алушылар үшін ХАБ болуы керек. Болашақта үйлі болғысы келген кез-келген қазақстандық сонда келіп, белгілі бір бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алуы керек».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.