Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана бағасы қымбаттады

c 18:13, 12/11/2021 c 1784

0:00 / 0:00

Елімізде соңғы жылда үй бағасы айтарлықтай қымбаттады. Экономист мамандар баспана бағасының шарықтауына бірнеше фактор себеп болды,-дейді. Соның бірі -құрылыс материалдарының қымбаттауы. Зейнетақы қорындағы артылған қаражаттың берілуі де үй құнының артуына әкеліп соқты. Риелторлар баспана бағасының 25 пайызға артқандығын алға тартып отыр.

Биыл үйдің бағасы шарықтап шыға келді. Статист маман облыс орталығында баспана бағасы орта есеппен 16,2 пайызға қымбаттағанын анықтаған.

Ал экономистер болса алқымнан алған қымбатшылыққа әсер еткен бірнеше фактор бар екенін айтады. Бірінші кезекте баспана құнының өсуіне құрылыс материалдары бағасының шарықтауы ықпал етуде,- дейді. Бұл өз кезегінде Отандық өнімнің барлық сұранысты өтей алмай, құрылысты уақытылы аяқтау үшін шетелден сатып алған тауар бағасының да қымбатқа түсуіне байланысты. Жыл басында зейнетақы қорындағы артылған қаражатты шотқа аударуда үй бағасының өсуіне әсер етті. Белгілі экономист Мақсат Халық проблеманы шешудің бірқатар жолын ұсынып отыр.

Риелторлар болса Оралдағы пәтердің бағасы 25 пайызға өскенін алға тартады. Жаңа салынған үйлердің құны өткен ғасырда пайдалануға берілген баспанаға қарағанда қымбаттау көрінеді. Әрине, үй иелері баспананың қашан салынғанын, оның орналасқан аумағы мен әлеуметтік нысандардың жақын болуына басты назар аударады дейді,- мамандар.

Экономист мамандар келешекте үй бағасы арзандамайды дейді. Тек құрылыс материалдары толықтай ішкі сұранысты өтей алса ғана осы баға тұрақталып қалмақ.

Сурет https://pr-flat.ru/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.