Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Барымташылар ұсталды

c 17:13, 04/07/2019 c 704

0:00 / 0:00

2015-2018 жылдар аралығында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеп, тергеу барысында Қаратөбе ауданының үш тұрғынын жауапқа тартқан болатын. Бүгін БҚО Полиция департаментіне өткен брифингте тергеу басқармасы қылмыстық істің аяқталғанын жеткізді. БҚО ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ерлан Жақсыбаевтың мәлімдеуінше, үш азамат та - Қартөбелік. Бұрын сотталмаған. Жасаған қылмыстары толықтай дәлелденген азаматтар 5-8 жыл аралығында жазаларын темір тордың арғы жағында өтейтін болды. Яғни, қылмыстық топтың жетекшісі ретінде танылған Е.Төлегенұлы - сегіз жылға, топ мүшелері С.Бисембаев - бес жылға, О.Дәулетияров - жеті жылға сотталды. Тергеу барысында 40 жәбірленушіден түскен өтінімге сәйкес 24 эпизодтық қылмыс ашылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.