Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баласын күл-қоқысқа тастаған

c 17:26, 07/10/2019 c 598

0:00 / 0:00

Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды. Оқиға  6 қазан күні таңертең Құрманғазы көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қоқыс контейнерінің жанынан қара түсті сөмке табылған. Оның ішіндегі целлофан пакетте жаңа туған шақалақтың өлі денесі болған. Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады. Ал мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті табылған. Өлі сәбидің анасы жүктілік кезде ешқандай дәрігерлік тіркеуде тұрмаған. Оның 4 баласы бар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.