Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баланы ұрған кім?

c 17:19, 15/02/2021 c 399

0:00 / 0:00

Балабақшада балаларды ұру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оралдағы балабақша тәрбиешісінің, бөбектерді ұрғаны дәлелденсе, жауапқа тартылуы мүмкін. Қазір бұл істі полиция тергеп-тексеруде. Қылмыстық іс қозғаған. Баласы жәбір көрген ата-аналар, тәрбиешіні қатаң жазалауды талап етіп отыр.Бұл - былтыр күзде бейнебақылау камерасына түсіріп қалған кадрлар. Мұнда тәрбиешінің бөбектерді желкесінен түртіп жүргені байқалады. Кейін ол шектен шықты, дейді ата-аналар. Балаларға зәбір көрсетуді жиілеткен. Мәселен, Наталья Кофейникова баласының бойынан өзгерістердің бйқалғанын айтады. – Балам соңғы кезде тұйық болып кетті. Не болғанын сұрасам, апайымыз ұрады деп әрең айтты. Айтуынша, бір баланы дәретханаға қамап қойған. Енді біреуін қараңғы бөлмеде ұстапты. Сұрастыра келгенде сегіз баланы ұрғаны анықталды, – дейді Наталья Кофейникова. «Страна чудес» балабақшасында тәрбиленіп жатқан ұлының өзгергенін Ирина Изгилова бөбекжайдан баласын өзге орталыққа ауыстырып алыпты. – Ұлыма лазерлі қолшамның жарығын түсіріпті. Мұны өздерінше ойын ретінде түсіріп, алдарқатуға тырысыпты. Кейін басқа балабақшаға барған балам «мұнда бізді ұрмайды»,- деп қуана айтып келді, – дейді  Ирина Изгилова. Осыдан кейін ата-аналар балабақша меңгерушісінен мән-жайды анықтамақ болады. Бірақ мұнысынан нәтиже шықпаған. Амалы таусылған ата-аналар балаларын басқа балабақшаға жаппай ауыстыруға мәжбүр болыпты.  Қалалық білім беру бөлімінің мамандары түсінік жұмыстарын жүргізіген. Ашуға мінген ата-аналар болған оқиға ізімен полицияға арызданыпты. БҚО Полиция департаментінің аға инспекторы Диляра Сатарова қазір осы шағым негізінде қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. –  Абай полиция бөлімімен Қылмыстық Кодекстің 140-шы бабы, 2-ші бөлімі бойынша «Кәмелет жасына толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін» қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат айтылмайды,- деді ол. Тәрбиешісі істі болған балабақша меңгерушісінің қазір телефоны өшірулі. Ата-аналарға уатсап желісі арқылы, жәбір көрген балалардың тобы жабылғанын хабарлапты. Ал тағылған кінә дәлелденсе, жауапты тұлғалар 161 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Ата-аналар болса, тәрбиешінің жұмыстан қуылуын талап етіп отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.