Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Балалар алаңы қажет»

c 09:43, 01/06/2021 c 383

0:00 / 0:00

Елорда маңындағы Үркер шағын ауданының тұрғындары бас көтерді. Қалаға кіріп тұрған шағын ауданда қанашам жылдан бері балалар ойнайтын алаң салынбаған. Тұрғындардың айтуынша, дәл мектептің жанындағы жер телімі кәсіпкерлерге беріліп қойған. Олар ол жерде сауда үйлерін, ақылы медициналық ұйым салмақшы. Жергілікті тұрғындар қала әкімдігінен бұл жерге балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, демалатын алаң салуды талап етіп отыр. Бұл шағын ауданның жартысы Нұр-Сұлтан қаласына қарайды, жартысы Ақмола облысының аумағында тұр. Әкімдік өкілі болса, балалар алаңын салу жоспары бар, бірақ жер телімі нақтыланбаған деп отыр.

Елордадан 12 шақырым жердегі Қараөткел ауылы Қорғалжын тас жолында орналасқан. Бүгінде ауыл тұрғындарының саны күрт артты. Бұл жерде жекеменшік үйлермен бірге көпқабатты тұрғын үйлер де бой көтерген. Бизнесін гүлдендірген кәсіпкерлер мейрамхананың түр-түрін салып тастаған. Бүгінде бұл ауылдың бір бөлігі Ақмола облысына, екінші бөлігі Нұр-Сұлтан қаласына қарайды. Үркер шағын ауданы деген бөлігінде интернет те бар, тас жол төселген, су жүріп тұр, қоқыс уақытында жиналады. Ал облысқа қарайтын жағында мүлдем басқаша көрініс. Жолы сын көтермейді, интернет сапасы нашар, көшеде қоқыс шашылып жатады. Сол себепті тұрғындар өзін оңтүстік және солтүстік корея деп атайды. Қала әкімдігіне шағымданған тұрғындардың басты талабы- балаларға арналған алаң салу.

Олар жергілікті әкімдікке талай айтып, жаздық бірақ нәтиже жоқ деп отыр. Жол бойында ойнайтын балалар жол-көлік апатына жиі ұшырап, көз жұмғандар да бар дейді олар.Екі жылда 6 бала көлік астына түсіп, қайтыс болған.

Дәл мектептің жанындағы жер телімі кәсіпкерлерге беріліп қойған. Олар ол жерде сауда үйлерін, ақылы медициналық ұйым салмақшы. Жергілікті тұрғындар қала әкімдігінен бұл жерге балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, демалатын алаң салуды талап етіп отыр.

Наразылық танытқан тұрғындарға Есіл аудандың әкімінің инспекторы келіп мән-жайды түсіндіруге тырысқанымен, оның нақты жауабы  болмады.   Себебі, балаларға арналған алаң салу жоспарда бар болғанымен, оған мектеп жанынан берілетін жер телімі нақтыланбаған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде 50 мың адам тұрады. Алайда, оның басым көпшілігі ресми түрде тіркелмеген. Себебі, елордаға тиіп тұрған жерден қатынап жұмыс істейтіндерге, балалары қала мектептеріне баратындарға бұл жерде тіркелу тиімсіз де.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.