Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балабақшаға бармаған бүлдіршіндер

c 17:36, 05/08/2019 c 1129

0:00 / 0:00

Биылғы жаңа оқу жылында шаһарымызда шамамен 6 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы бүгін қалалық білім беру бөлімінің мамандары мәлімдеді. Қазір олардың 20 пайызы 1 тамыздан бастап, білім ошақтарында арнайы даярлықтан өтуде. Бұл бүлдіршіндер бұған дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында болмағандар. Бірі біздегі бітпейтін балабақша кезегін күтіп, мектеп жасына жетсе, енді бірі ата-аналарының қажет деп таппауынан қатарластарынан қалған. Топқа түсіп, қалам ұстамай мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушыларға алдымен екі апталық даярлық курстары жүргізіледі. Онда ұстаздар балдырғандарды мектептің негізгі тәртібіне баулып, оқуға дайындайды. Қазір қаладағы 46 мектепте 4000 нан аса бүлдіршін «Балақайлар мектебі» жобасы бойынша бейімделуде. Орал қаласында биыл «Мектепке жол» акциясы шілде айынан бастау алса, 1 тамыздан бастап мектеп жәрмеңкесі ашылды. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шараға 170 кәсіпкер атсалысып жатыр. Бір ай бойы сауда орындары тегін берілетіндіктен саудагерлер бағаны мамандандырылған дүкендерден төмен ұстауға міндетті. Оқушылардың киім үлгісіне келсек, ол әр мектептің жарғысына сай айқындалмақ. Білім беру басқармасының мәліметінше жыл санап «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жасаушылардың қатары артып келеді. Биыл өңірде 14 мыңдай оқушының мектепке жиналуына жәрдем жасалмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.