Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Бақытты отбасы" бағдарламасы

c 17:56, 15/04/2021 c 765

0:00 / 0:00

"Бақытты отбасы" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Аталмыш бағдарлама осыдан үш жыл бұрын іске қосылған еді. "Бақытты отбасы" пәтер кезегінде тұрған жанұялардың оңтайлы жолмен баспаналы болуы мақсатында қолға алынған еді. Мәселен, бағдарлама бойынша 2019 жылы 197 өтініш қабылданған. Ал былтыр 205 несие берілген. Биыл "Бақытты отбасыға" қандай өзгерістер енгізілді?

"Бақытты отбасы" бағдарламасына пәтер кезегінде тұрған көпбалалы, толық емес және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жанұялар қатыса алады. Бағдарлама қатысушылары баспананың 10 пайыздық құнын жинап, жиырма жылға дейін несие рәсімдейді. Және заемның жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздан аспайды.
Үшінші жыл қатарынан іске қосылған бағдарламада биыл өзгерістер бар.

Жалпы Орал қаласы бойынша пәтер кезегінде 21мыңға жуық адам бар.

"Бақытты отбасына" өтініш беру мерзімі 26-мамырда аяқталады. Соның нәтижесінде мамандар екі тізімді жасақтайды. Бірі негізгі тізім, ал екіншісі резерв болмақ. Өтініштерді қабылдау аяқталғасын мамандар азаматтарды банк бөлімшесіне шақырады. Осы бағдарлама арқылы БҚО-да 2019 жылы 197 отбасы баспаналы болса, өткен жылы 205 отбасы қоныс тойын тойлады.

Сурет inform.kz сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.