Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бәйтерек ауданында 3 ауылдың әкімі сайланады

c 15:51, 16/07/2021 c 1906

0:00 / 0:00

25-шілдеде елімізде тағы бір саяси науқан ұйымдастырылады. Ауылдық ағайын бірінші рет ауыл әкімін сайлайды. Бүгінгі таңда "Әкім боламын" деп сайлауға түскен кандидаттар білек сыбана үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кірісті. Биыл Бәйтерек ауданында 3 ауылдық округтің басшысы сайланбақ.

Зеленый ауылының 970 тұрғын бар. Сайлау учаскесінің мамандары бүгінгі таңда барлық үйге саяси науқанға шақырту билеттерін таратқандарын айтады. Қазірдің өзінде ауыл тұрғындарының 30-ы үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Аудан орталығының іргесінде орналасқан ауылда шешімін таппаған біраз мәселе бар. Ол- қос ауылды жалғайтын екі көпірдің апатты жағдайы, ауылішілік жолдар мен жарықтандыру проблемасы. Және осы ауылда науқастарды қарайтын дәрігер тапшы. Ауылдық ағайын жас кадрлар келсе де, баспана мәселесі шешілмегесін өзге аймаққа қоныс аударатынын тілге тиек етті. Енді олар сайланатын әкімдеріне үміт артып отыр. Тұрғындар сайлауға барып, осы мәселелерді шешеді-ау деген кандидат үшін дауыс бермек.

Жалпы Бәйтерек ауданында 9 кандидат саяси додаға түсіп, сайлауға қатыспақшы. Аудан бойынша ауыл әкімдерінің сайлауына 10 млн. 365 мың теңге қаражат бөлінген.

Ауыл әкімдерінің сайлауы елімізде биыл бірінші рет ұйымдастырылады. Саяси додаға түсіп, жеңіске жеткен әкімге жауапкершілік пен ауыл тұрғындарының артар үміт зор. Халық өзі сайлап алған әкімдердің жұмысы сайлау алды бағдарламасындағыдай бола ма, әлде уәделері қағаз жүзінде қала ма, ол уақыт пен ардың еншісіндегі мәселе болып қалмақ!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.