Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бағбандық маусымы басталды

c 17:41, 26/03/2020 c 560

0:00 / 0:00

Көктем туып бағбандар бақша өнімдерін өсіруге дайындықты бастап кеткен. Бүгінде саяжай тұрғындары көкөніс көшеттерін арнайы жылыжайларда ұстап отыр. Осы орайда жас өскіндерді сәуірдің 25 інен кейін жерсіндіруге болады дейді мамандар.Бүгінде Орал қаласының маңындағы саяжайларда 15 мыңнан аса түтін бар. Олар  тұрақты тұрғанымен барлығы бірдей бағбандықпен шұғылданады деген сөз емес. Осы орайда саяжай қоғамдастығының өкілдері жарамсыз жатқан жерлерді күтіп баптау қажет деп санайды. Өйткені соңғы уақытта жарамсыз қалған жер учаскелері көбейіп кеткен.Төрағаның айтуынша, саяжай тұрғындары қазірден бастап жер қопсытып, қара шірікті қалыпқа келтіру шараларын қолға алуы тиіс. Сәуір болмай тәуір болмайды демекші сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында жерге дән себуге болады.Қазір шаһар маңында 170-тен аса саяжай қауымдастығы бар. Қыстың қамын жаз ойла демекші, қазіргі жағдайда бос уақытымызды пайдалы шаруаға жұмсап, ұтымды пайдалансақ, ұтылмасымыз анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.