Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бағаның өсуіне бірнеше себеп бар

c 18:17, 22/02/2022 c 592

0:00 / 0:00

Егер күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай әлеумет пен тұрғындардың көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Әйтсе де тамақ бағасы күн санап шарықтап барады. Негізінен бұл салада жұмыс жасайтын кәсіпкерлер тамақ құнының күрт өсуіне бірнеше себеп бар екенін айтады. Қазір қалада 7 наубайхана нан пісіреді. Негізгі нанмен қамтушы - Желаев нан комбинаты бағасын өткен жылдан бастап 150 теңгеге көтерген. Ал тасымалдаушылар үстіне және он теңге қосқанда дүкендерде жоғары сұрыпты нан 160 теңгеден сатылуда. Осы орайда комбинат өкілдері депутаттар алдында бірқатар проблемаларды ортаға салды. Жанар- жағармайдың күрт көтерілуі, мемлекеттен бөлінетін субсидияның мардымсыздығы мен коммуналдық төлемдердің шарықтауы бағаның өсуінің негізгі себебі болып табылады. Бүгінгі таңда заңнамаға сәйкес бағаның негізсіз көтерілмеуін жергілікті әкімдік пен атқарушы органдар бақылайды. Сондай-ақ қолда бар деректер аталған азық-түлік түрлерінің қақын қалыпты ұстап тұру, оны негізсіз өсірмеу жөнінде бес жүзден аса келісім мен меморандум жасалғанын көрсетеді. Алайда мемлекеттің қолдауына шаруалар әлі де болса зәру. Өйткені нарықтағы баға инфляцияға сай өзгеретіндіктен мемлекеттің қолдауы мардымсыз болып отыр.Сонымен қатар бұл күнгі жиында санаулы күндерден соң басталатын көктемгі егіс науқанына қажетті жанар-жағармайды уақытылы жеткізу және шаруаларға төленетін мемлекеттік қолдауды толықтай қамтамасыз ету жәйі де сөз болды. үгінде Оралдағы 7 нан өндіруші наубайханада тәулігіне 35 мыңнан аса нан пісіріледі. Оның 22 пайызы, яғни 7000 нан бірінші сұрыпты ұннан дайындалады. Жалпы келісімге сәйкес, әлеуметтік нанның бағасы 80 теңге болып белгіленді. Алайда бұл әлі нақты қалыптасқан баға емес. Яғни биылғы жиын-терінге байланысты баға тағы да өзгеруі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.