Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бағалар бақылауда

c 16:00, 05/05/2020 c 313

Орал әкімі Абат Шыныбеков пен Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев дүкен сөрелеріндегі тауар бағасын тексеру үшін мониторингке шықты. Сала мамандарының тексерісі барысында дүкендерде саудаланып жатқан көкөністердің бағасы қымбаттағаны анықталып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевтың келтірген ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда БҚО әлеуметтік тауарлардың базасы жасақталып, тапшы болған тауар жоқ. Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде тұтынушыларға саудаланып жатқан тауарлардың шеткі бағасын 20 топ бақылап жүр. Олар күніне 2 рет тауарлардың бағасы бойынша ақпаратты әкімдікке беріп отырады. Мамандар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 90 пайызының бағасы қымбаттамағанын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.