Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баға тұрақтылығы сақталады

c 17:09, 01/02/2021 c 459

0:00 / 0:00

Аймақта азық-түлік бағасы қымбаттамайды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев жетекшілік жасайтын штаб жұмысы биылғы жылы да жұмысын жалғастыра береді. Құрамына облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттердің өкілдері енген топ жұмысының мақсаты - әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына жүйелі мониторинг жасау және тұрақтандыру.Жыл басталысымен тауарлар мен азық-түлік бағасы шарықтап шыға келеді. Оған халық қанша наразы болса да, жылдағы үрдіске үйреніп барады. Биыл өңірдегі баға саясаты әлі де болса құбылып тұр. Әсіресе, бірінші кезектегі азық-түлік құны оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар, өсімдік майы мен жұмыртқаның бағасы шамамен 20 пайызға дейін қымбаттағаны байқалады.
Әлеуметтік павильондарда ұсынылатын өнімдер тізіміне макарон өнімдері, күріш, май, ет және тұз секілді тағамдар жатады. Облыс орталығындағы он «Ел ырысы» шағын маркеттерінде тауарлар құны нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан болса, ал ірі сауда орындары «Вега» мен «Алтындарда» сағат 9дан 11-ге дейін әлеуметтік маңызы бар өнімдер сатылымға шығарылады.
Бүгінде жергілікті әкімшілік пен ірі сауда орындары арасында бағаны тұрақтандыру турады меморандум бар. Соған сәйкес кәсіпкерлер тауар құнын беталды өсіре бермейді. Әзірге 1-ші сұрыпты нан бағасын қымбаттату жоспары жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.