Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азық-түлік бағасына мониторинг жүрзілді

c 15:18, 01/02/2022 c 578

0:00 / 0:00

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары базарлар мен дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылау мақсатында мониторингке шықты. Мамандар облыс орталығында орналасқан базарда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Сала мамандары облыс орталығында орналасқан базарларда азық-түлік бағаларын қарап, саудагерлерге түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Қазіргі талап бойынша саудагерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 15 пайызға ғана қосымша құн қоса алады. Бірақ сатушылар өздері де тауарларды қымбатқа сатып алып жатқанын айтады.

Базарға тамақ алуға келген қала тұрғындарын сөзге тартып көрдік.

Қазіргі таңда Орал қаласында әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік өнім түрінің шекті бағасы белгіленбеген.

Азық-түлікті қасақана қымбатқа саудалаған кәсіпкерлерге әуелі ескерту беріліп, кейін қайталанса айыппұл салынады. Сала мамандары кәсіпкерлерді бағаны өз беттерімен қымбаттатпауға шақырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.