Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Автовокзал жұмысы

c 16:03, 18/06/2020 c 807

0:00 / 0:00

Оралда автовокзал өз жұмысын қайта бастады. Қазіргі таңда облыс орталығынан Қазақстанның көрші қалаларына қатынауға болады. Нысанның аумағына тек жеке қорғаныш заттарымен ғана кіргізеді.

Елімізде карантин жарияланған он алтыншы наурыздан бастап, автовокзал жұмысы тоқтады. Қызметкерлердің басым көпшілігі еңбек демалысына жіберілген. Қазір карантин талаптары алынып, шектеу шаралары қолға алынған кезде, автобустардың қатынауы біртіндеп қалыпқа келе бастаған. Бүгінде Оралдан тек Атырауға ғана баруға болады. Автобустар күн сайын таңғы тоғызда жолға шығады. Маусымның он сегізінен бастап "Орал-Ақтөбе" рейсі ашылмақ. Жол ақысының құны әзірге өзгермеген. Бірақ санитарлық талаптарға деген талап күшті.

Бұрын Орал автовокзалы тәулігіне 1000 жолаушыға дейін қызмет көрсеткен. Ал енді пандемияға байланысты жолаушылардың саны 100-ге дейін қысқарған. Сала мамандары жағдай бұлай жалғаса беретін болса, компания тақырға отырады деп хабарлайды. Жолаушылар аталмыш шектеулер түрлі қолайсыздықтар тудыратындығын айтады. Азаматтардың көбіне халықаралық рейстер керек екен. Алайда қазір билетті брондап алу мүмкін емес.

19-шы маусымнан бастап Атырауға қосымша рейс ашпақ. Ал жаздың бел ортасында шаһарымызды Ресейдің көрші қалаларымен жалғайтын автобустар қатынайды деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.