Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үшанаға су барды

c 09:16, 04/09/2018 c 1086

0:00 / 0:00

БҚО Қаратөбе ауданына қарасты Үшана ауылына таза ауыз су берілді.Ауыл тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш, таза ауыз суға зар болып келген ауыл тұрғындары таза суға қол жеткізіп, сүйіншілеп, жақсы хабарды таратуға асығып жатқан жайлары бар. Ауыл ағайындарының қуанышымен Облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы құттықтап, Елбасының тапсырған тапсырмасы аясында жүргізілген игі істің маңызына тоқталды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Үкіметі бастаған игі істің жалғасы ретінде қала мен ауылдық елді мекендер тұрғындарын сапалы ,таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған Ақбұлақ бағдарламасы аясында Қаратөбе су қоры көзінен Үшана елді мекеніне дейін 5 елді мекен (Шөптікөл,Үшағаш,Соналы,Сулыкөл,Үшана)ауылдары сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.
Үшана елді мекеніне тартылған ауыз су құрылысының ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы барып,мерекелік шараға қатысты.

Шара барысында сапалы ауыз су тарату,жабдықтау жүйесін ауыл ақсақалы Аман Жүсіпқалиұлы мен бас мердігер Мұхамедиев Мұратбек іске қосты. Жалпы бұл жобаға бюджеттен 936 млн,теңге бөлінген. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 128,762 шақырымды құрайды. Жоба құрылысы 2 жылдық мерзімге жоспарланған,яғни 2017 жылдың мамыр айында басталып,2018 жылдың тамыз айында аяқталып отыр.Үшаналықтар бұл қуанышты 20 жыл бойы күткендерін айтады. Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындары су көзін жазда көрші ауылдан тасып келсе, қыста қатынастың жоқтығынан қардың суын ерітіп пайдалануға мәжбүр болған.Ел ырыздығын арттырып, көптің алғысын арқалаған «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бұл ілкімді іске тұрғындар дән риза.

Ақбұлақ бағдарламсы аясында Қаратөбе су қоры көзінен Үшана елді мекеніне дейін 5 елді мекен яғни,4024 халық,823 нысана сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Жыл басында Қаратөбе ауданы бойынша 22 елді-мекеннің 10 елді мекен халқының 80,1% пайызы орталықтарндырылған ауыз сумен қамтылған.

 

 

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.