Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығының дамуы

c 16:49, 06/11/2019 c 475

0:00 / 0:00

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінде "Ауыл шаруашылығындағы ғылым және технологиялар: даму страгегиясы" атты халықаралық ғылым-практикалық конференция өтті. Алыс- жақыннан келген ғалымдар мен батысқазақстандық мамандар қазақтың ас бас тұқымына жүргізген зерттеулерін баяндап берді. Ғалымдар жиын барысында асыл тұқымды малды көбейту туралы ойларымен бөлісті. Қазіргі таңда облыс аумағында 14 мыңнан астам асыл тұқымды мал бар. Ғалымдар мен шаруалар келешекте осы көрсеткіштің санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Оралға арнайы Германия мен Ресейден келген ғалымдар мен батысқазақстандық мамандар қазақтың ақ бас сиырына байланысты жүргізген зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Қазіргі таңда қазақ жерінде күрделі будандастыру арқылы алынған қазақтың ақ басына деген сұраныс көп. Мамандар еліміздің түрлі ауа райына қарамастан осы тұқым арқылы өнім алу жоғары деңгейде екендігін айтады.

Сала мамандары қазақтың ақ бас тұқымын жан-жақты зерттеуге арналған конференция барысында жайылым жерлері туралы мәселе талқыланды. Қазіргі таңда облыс көлемінде 13 млн жайылым жер бар. Бірақ, мамандар осы үлкен алқаптың тең жартысы пайдаға жарамайтынын айтып, шағымданып отыр.

Конференция барысында сөз алған шетелдік ғалымдар зерттеулерін таныстырып, келешекте қазақтың ас бас тұқымын көбейтуді жолға қою керектігін айтып, жиынды қорытындылады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.