Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ САТЫЛЫП ЖАТЫР»

c 09:30, 06/06/2023 c 274

0:00 / 0:00

Алматы облысы Қарасай ауданының Шалқар ауылында 250 балаға арналған мектеп 15 миллион теңге сатылып, жекенің қолына кеткен. Бұл жайында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев ауылды дамыту мәселесіне арналған үкімет сағатында айтты. Депутат аталған мектеп кейін тағы да саудаланып, 80 миллион теңгеге сатылып кеткен. Мемлекеттік білім ордасы саудаланып жатқан әкім қайда қарап отырды?-дейді. Мәжілісмен Алматы облысының әкімінен жақынарада осыған жауап беріп, мектепті мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті.

Ауыл-ел бесігі. Үкіметтің ауылдарды дамытуға арналған талай бағдарламасы қабылданғаны есімізде. Жылда ауылды дамытуға өңір-өңірге қыруар қаржы бөлініп жатады. Алайда, сапалы жол, таза ауыз су, интернет, жайлы мектеп ауылдықтар үшін қолжетпес арман. Осылайша 6 300 ауылдың проблемасы толық шемімін таппай отыр. Ал кейбір ауылдарда жергілікті әкімдік мектептерді саудаға салып, сұмдық жағдай орын алды дейді депутат Мақсат Толықбаев. 250 балаға арналған білім ордасы 15 миллион теңге сатылып кеткен.

Мәжілісмен Алматы облысы әкімдігінен 2 айдың ішінде мектепті мемлекетке қайтаруды талап етті.Болмаған жағдайда осы саудаға қатысы барлардың аты-жөнін анықтап, жария қыламын деді. Ал ұлттық экономика министрлігінің өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіші бойынша төменгі көрсеткіште тұрған Батыс Қазақстан облысында инфрақұрылым дамымай жатыр. Дептута Абзал Құспанның айтуынша, облыстағы ауылдарды дамытуға қаражат бөлерде 416 ауылдың тек тең жартысын ғана көрсеткен. Сол себепті, қаншама ауыл қаржыдан қағылып, дамымай жатыр. Экономкиа министрі болса Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың арасы алыс болғасын, жол салу немесе инженерлік коммуникациялар тартудың шығыны жоғары деп ақталды.

Сондай-ақ, шенеуніктерде болашағы жоқ ауылдар деген сөз тіркесі пайда болған. Яғни мұндай ауылдарға ақша шығарудың қажет жоқ деп есептейді олар. Депутаттар болса, шағын аулыдарды да дамыту қажет деп санайды.

Министрдің айтуынша, тірек және спутникті болып саналмайтын 2,8 мың ауылда халықтың 10 пайызынан азы тұрады. Яғни 700 мыңнан аз адам тұрады.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы өңірлердің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін қазынадан 14 облыс орталығында 67 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға 42,1 млрд теңге бөлінді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.