Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аутизм орталығы ашылды

c 18:09, 30/05/2018 c 1346

0:00 / 0:00

Аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды. Аталмыш орталық еліміздің Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе қалаларында ашылып, балаларды дамыту үшін жұмыстанып жатыр. Енді ондай орталық Оралда да бар. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 140-қа жуық аутизм дертіне шалдыққан бала бар. Дерттің дер кезінде анықталуы бала мен ата-ана үшін өте өзекті мәселе. Себебі, аутизм дертін емдеу мен баланы әлеуметтендіру ісі үшін жастайынан дәрігерлердің көмегі мен олардың баламен жұмыстануы маңызды.

Облыс көлемінде психологиялық-дәрігерлік, педагогикалық кеңестің есебінде 6000-нан астам бала бар. Олардың 134-і аутизм дертіне шалдыққан. 91 баланың мүгедектігі бар. Дамуында ерекшелегі бар балаларды дамыту мен әлеуметтендіру үшін облыс көлемінде былтырғы жылы арнайы коррекциялық орталық ашылған болатын. Ол жерде қам көңіл сәбилермен білікті мамандар жұмыстануда. Аутизм дертін емдеу, баланың денсаулығын жақсарту мақсатында ипотерапия ісі де жұмыс жасап жатырғандығы мәлім. Аутизм дертіне шалдыққан балаларды ерте анықтау және оларға көмектесу үшін шаһарымызда арнайы орталық ашылды.

Аталмыш орталық еліміздің Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе қалаларында жұмыс бастапты. Бүгінде шаһарымызда ашылған мекемеде арнайы біліктігін шыңдаған 8 маман қызмет жасамақ. Ақжайық өлкесінде өз жұмысын бастап жатқан орталықтың мамандарына көмектесу үшін Астаналық педагогтар келген. Елордалық мамандар ең бірінші баланы алдын ала тексеру қажет. Кейін, дерт анықталса, диагностикалық қызмет жасақталып, ата-аналарға арналған кеңес пен реабилитациялық жұмыстар жүргізілмек.

Орталық жұмысын бастаған бірінші күннен бастап баласын дәрігердің тексерісінен өткізу үшін 40 астам ата-ана келіпті. Олардың қатарында Ульяна Ульрих есімді қала тұрғыны да бар. Оның баласы қазір 6 жаста.

Кезінде сала мамандары түрлі диагноз қойып, баламда бірі аутизм бар десе, енді бірі ол пікірді жоққа шығарып отырды. Бүгін орталық ашылғанын ести сала баламды тексертуге алып келдім,- дейді.

Мамандардың келтірген дерегіне сүйенсек, еліміздің аумағында аутизм дертіне шалдыққан балалардың саны 60 мыңнан асып жығылады. Бір өкініштісі, аталмыш кеселге шалдыққан балалардың саны жыл санап артып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.