Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әуежай құрылысы аяқталды

c 16:58, 10/03/2022 c 496

0:00 / 0:00

Термианалдың жалпы ауданы 10 мың шаршы метр және өткізу қабілеті жылына 300 мың адам болатын қараңғыланған шыныдан жасалған екі қабатты нысан. «AQJAIYQ» ӘКК құрылыс департаментінің өкілі Ақжол Охасов атап өткендей, жаңа терминал бұрынғы орыннан қайта салынды. Оның айтуынша, жаңа терминал темірбетон мен монолитті бағандардан тұрғызылып, үстінен екі қабатты терезелермен қапталған. Едендер арасында металл панельдер, терезелер арасында алюминий витраждар бар. Бірнеше жылға созылған құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған. Қазір жер қойнауын пайдаланушы компания қабылдап алу жұмыстарын жүргізуде.Су жаңа терминал «Нұр-Сұлтан» мен «Алматы» әуежайларының ғимаратына ұқсағанымен көшірме емес. Бөлек эстетикалық жоба. Әуе айлағының бірінші қабатында жалпы зал, тіркеуге арналған тағандар, медициналық тексеруге арналған орынжай, сондай-ақ ішкі рейстер жолаушыларына арналған күту залдары орналасқан. Әуежай әкімшілігі атап өткендей алдағы уақытта бірнеше жаңа әуе рейстері ашылатын болады.Әзірге ұшулар ескі қосымша ғимаратта жүзеге асырылуда. Жаңа нысан жуық арада жұмысына кіріспек. Халықаралық әуежайға М.Мәметова атауы берілгенін атап өту қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.