Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әуежай құрылысы 2021-де аяқталады

c 17:16, 19/05/2020 c 765

0:00 / 0:00

Орал халықаралық әуежайының терминалын жөндеу жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Бұл туралы AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясының басқарма төрағасы Надир Курумбаев мәлімдеді. 2019 жылы ескі ғимараттың бірі жөнделу үшін уақытша жабылған болатын. Бұған дейін әуежайдың ескі ғимаратын қайта жаңғырту шаралары қолға алынған болатын. Алайда сарапшылар ескі ғимарат іргетасының көнергені сонша, қайтадан қалпына келмейтінін мәлімдеді. Сол себепті Орал халықаралық әуежайы толықтай сүріліп орнына су жаңа терминал бой көтеретін болады. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызған. Ол үшін қазынадан 2,5 млрд теңге қарастырылды.Соңғы 40 жылдан аса уақыт ішінде мұнда бірде-бір рет жөндеу жүргізілмеген. Терминал толықтай жаңғырған кезде оның өткізу мүмкіндігі сағатына 300 адамға, ал жылына 300 мың адамға дейін артады. Әзірге сыйымдылығы 80 адамға есептелген шағын терминал қызмет көрсетуде. Орал әуежайы арқылы Ақтау, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Франкфурт қалаларына ұшуға мүмкіндік бар. Жазда Анталья мен Шарм-Эль-Шейхқа чартерлік рейстер қатынайды. Жаңа терминал іске қосылған кезде жаңа рейстер ашылуы мүмкін. Ал бүгінде 100 орынға арналған көлік тұрағы тұтынушыларға қызмет көрсетуге дайын. Тек карантиндік режим аяқталуы тиіс.Ұшу-қону жолағына 2014-2015 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілгені аян. Одан кейін ұшу жолағы ені 65 метр, ал ұзындығы 2800 метрге дейін ұлғайған. Сондықтан кез келген ұшақ түрін қабылдауға мүмкіндік бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.