Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауданға қабан кіріп кетті

c 16:47, 10/10/2019 c 656

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында полицейлер ауылға кіріп кеткен қабанды атып өлтірді. Бұлай жасауға олар мәжбүр болған. Оқиға кеше кешқұрым Бәйтерек ауданының орталығы Переметныйда болған. Сағат 18.56-да ауыл тұрғынынан балалар ойын алаңда жабайы қабанның жүргені жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына екі тәртіп сақшысы келген. Олар жануарды ауыл сыртына шығарып жіберу үшін барынша әрекет еткенімен, хайуан адамдар өміріне қауіп төндірген. Сондықтан полиция инспекторлары «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 61-бабы 1-бөлігі 6-тармағына (адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану мақсатында атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану) сәйкес табельдік қаруды қолданып атып өлтірген. «Атыс қаруы қолданылғаны жөнінде ақпарат Бәйтерек ауданы прокурорына хабарланды», - деді ПД-дан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.