Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аттракционда 8 бала зардап шекті

c 16:53, 04/05/2021 c 995

0:00 / 0:00

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракционан құлаған сегіз баланың жағдайы бір қалыпты. Дене жарақаттарын алған мектеп жасындағы балалардың барлығы да бүгінгі таңда үйлеріне жіберілген. Ал аттракцион иесі бұл оқыс оқиғаға өзін «кінәлі» деп санмайды. Аттракцион иесінің айтуынша, балалар әткеншегі су жаңа күйінде осыдан 9 жыл бұрын зауыттан алынған. Ал пайдалану мерзімінің өтуіне әлі бірнеше жыл бар көрінеді. Аттракцион иесі әткеншекті күн сайын жұмыс күні басталмас бұрын «өзіміз» бақылаудан өткіземіз дейді. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында екінші мамыр күні болған оқиға салдарынан 8 бала зардап шекті. «Балалар көптеген дене жарақаттарын алған. Жедел жәрдем оларды облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қарағаннан кейін балалардың миы шайқалмағаны және сынық жарақаттарын алмағаны анықталды. Бәрі де медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілген. Аттракционның істен шығуына байланысты қатты жылдамдықпен айналып тұрған әткеншек кілт тоқтап қалып, балалар содан жарақат алған. БҚО полиция департаменті осы оқиғаға байланысты аттракцион иесіне қатысты ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігіне (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Айта кеткен жөн осындай оқыс оқиға екі жыл бұрын дәл осы саябақта орын алған еді. Онда тоқтап қалған аттракционнан 18 адам құтқарылған болатын. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының м.а Жанақын Тығынбаевтың айтуынша бұл жыл басынан бері тіркеліп отырған алғашқы жағдай. Осы салада жұмыс жасайтын меншік иесі тұтынушының қауіпсіздігіне толықтай өзі жауапты болып табылады. Сол себепті аттракцион иесі заң талаптарына сай жауапқа тартылуы тиіс. Балаларды  жазым қыла жаздаған әткеншек қазір тоқтап тұр. Аттракцион жұмысын тексеретін арнайы ұйымдар Орал түгілі елімізде жоқ көрінеді. Оның үстіне кәсіпкерлер жұмысына жарияланған мораторий тағы бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.