Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аттестат берілді

c 17:35, 04/06/2020 c 1027

0:00 / 0:00

Кешелі бүгін мектеп түлектеріне аттестат үйлеріне жеткізілуде. Орал қаласы бойынша биыл 2000-нан аса мектеп бітіруші қияға қанат қағып отыр. Қалалық білім беру бөлімінің мамандарының айтуынша аттестат тапсыру бүгін толықтай аяқталады. Асан Тайманов атындағы №34 мектеп- гимназиясының 2020 жылғы түлегі Аслан Насимуллин мектеп бітіргендігі туралы құжатқа осылай қол жеткізді. Деседе оның көңілі көтеріңкі ұстаздарын көргеніне қуанышты. Асланнан бөлек 73 оқушының аттестаты үйге жетікізілді. Аттестатты тапсырушы курерьлерге қоса мектеп әкімішілігі де бұл шараның басы қасында жүр. Өткен жылы мектеп бітіруші түлектердің 60 пайызы мемлекеттік грантқа ие болыпты. Биыл да ұстаздар қауымы осындай жетістіктен дәмелі. Түлектер де алдағы сын сағатқа сақадай сай екендерін жеткізді. Биыл Орал қаласы бойынша 2013 мектеп оқушы 11 жылдық мектепті аяқтаған. Оның 1600-і ҰБТ сынағына қатысады деп жоспарланып отыр. Бүгінде барлық мемлекеттік емтихандар тапысырылған. Соңғы сынақ 20 сыншы маусымнан бастап екі апта бойы өтеді деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.