Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ата-аналар қоғамдық көлік жоқтығына наразы

c 16:59, 03/09/2021 c 799

0:00 / 0:00

Жұлдыз шағын ауданында тұратын бір топ ата-ана мектеп автобусының жоқтығына наразылығын білдіріп, қала әкімімен кездесті. Тұрғындар оқушыларды мектепке тасымалдауда түрлі қиындық туындап отырғанын айтады. Ата-аналар сегізде басталатын сабаққа бару үшін балаларымыз алты жарымда ұйқыдан тұрып, жетіде үйден шығып, отыз минуттай аялдамаға дейін жаяу жүріп барып автобусқа отырады дейді. Орта жолда итке таланып қала жаздаған жағдайлар жиілген.

Жұлдыз шағын ауданында тұратын бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары балаларын мектепке тасымалдауда қиындықтарға тап болған. Бұрындары №37 мектептің автобусы шағын ауданның барлық баласын білім ордасына жеткізіп, осы қызметті атқарған. Бірақ жаңа оқу жылында оқушыларды тасымалдайтын автобус жоқ.

Баласының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар шаһар басшысы Абат Шыныбековпен кездесті. Әкімдікте өткен кездесуде тұрғындар Жұлдыз ауданының проблемаларын жіпке тізді. Бірінші мәселе-мектеп автобусы. Кейін тұрғындар шағын ауданның барлық көшесіне бірдей автобустың жүрмейтінін, бұралқы иттердің көптігі, жаяу жүргіншілер жолағы мен балалар алаңының әлі салынып жатырғанын тілге тиек етті.

Оқушыларды мектепке жеткізу үшін қоғамдық көлік автобустарын Жұлдыз шағын ауданының көшелерімен жүргізетінін мәлімдеді әкім.

Жұлдыз шағын ауданының тұрғындары үйлеріне жақын көшелермен қоғамдық көлік қатынамайынша жаяулап, жалпылап немесе таксимен балаларын мектепке апармақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.