Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ассамблеяның өкілдерімен кездесті

c 18:09, 28/06/2019 c 697

0:00 / 0:00

Еліміздің аумағында БҚО Ассамблеясының жұмысы үздіктердің қатарынан табылды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңесімен өңірдегі жұмысты тарату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы облыстық ассамблеяның төрағасы Ғали Есқалиев мәлімдеді. Бұл аймақ басшысы ретінде жаңадан тағайындалған Ғали Нәжмеденұлының алғашы этно-мәдени бірлестік өкілдерімен кездесуі еді.

Облыс әкімі алғаш рет этно-мәдени бірлестік өкілдерімен кездесіп, олардың жұмысымен танысты. Жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы ассамблеяның өкілдерінің жұмыс барысымен танысып, болашақтағы атқарылуы керек жұмыстарды бекітуі керек,- дейді.

БҚО Ассамблеясының құрамында жұмыстанып жатқан әрбір қоғамдық бірлестік пен этно-мәдени бірлестіктің өкілдері қолға алған жұмыстарын жіпке тізіп, өзекті өзекті мәселелерін ортаға салды.

Қазіргі таңда түрлі ұлт пен ұлыстың қасиетті ордасына айналған Қазақстан көпке үлгі болып отыр. Ел бірлігін сақтауда Ассамблеяның алатын орны зор. Бүгінгі таңда Ассамблеяның өкілдері маусымның аяғында әскери бөлімде орын алған жарылыстан зардап шеккен арыстықтарға көмек қолын созып, қайырымдылық шарасына ат салысуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.