Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ассамблеяның қорытындысы

c 11:33, 26/12/2018 c 647

0:00 / 0:00

Қазақстан Халқы Ассамблеясы биылғы жылды қорытындылады. Елбасының бастамасымен 1995 жылы құрылған ұйым өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, қоғамның дамуы бағытында еңбектеніп келеді. Түрлі этнос өкілдері бірлесе отырып, азаматтардың жоқ-жітігін түгендеуге ат салысып, түрлі мәдени шараларды атқаруда.

Түрлі этностың басын қосқан Ассамблея өкілдері жаңа жыл қарсаңында жетпіс отбасыға көмектесуді қолға алды. Бұл шара "Қайырымдылық керуені" деген атауға ие болған. Бүгінгі сыйлық қам көңіл жандарға арналған.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде 86 этностың өкілі бар. Олардың әрқайсысы дәстүрін жаңғыртып, ұрпағын өртіп, еліміздің гүлденуі үшін еңбектенуде. Биылғы жылы ассамблея өкілдері атқарған жұмыстарын жіпке тізді. Түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері жоқ-жітікті түгендеуге қол ұзын созып, ауыл тұрғындарына саябақта салып бергендігі есімізде.

Мерекелік кеш барысында еңбегі еленген жандар "Бірлік" атты медальмен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.